Сабақ жоспары ОУР: Жасуша құрылысы мен қызметі
Уровень:
Старшая школа , Высшее образование , Универсальное применение
Предметы:
Творчество , Методика преподавания
Тип:
Конкурсы , поурочные планы , Для учителей
Формат:
Кол-во страниц:
3
Язык:
Стандарт:
Время работы с материалом:
0
Лист ответов:
Нет
Бұл сабақ Lesson Study бойынша зерттелген сабақтардың бірі. Саралап оқыту әдісі және STEAM жобасы бойынша модельдеу әдісі арқылы жүргізілді. Жаңа ақпаратты игеру үшін сынып оқушылары аудиал, визуал, кинестетик болып топтарға бөлінді. Әр топқа ақпаратты қабылдауы бойынша жаңа ақпарат таратылды. Аудиалдарға А4 форматында мәтін және плакат, визуалдарға Twig-Bilim видеосы және жасуша макеті, кинестетиктерге пазл түріндегі жасуша модельдері (құрылымдары). Кейін ақпаратты игеріп болған соң, аралас 5 топ құрылды. Әр түрлі құралдардан (фасоль, перловка, күріш, арахис, гречка) жасуша органоидтарын құрастыру және өз органоидтары бойынша маңызды деген 1 сұрақ құрастыру тапсырылды. Кейін әр топ ортаға шығып өз органоидтарын таныстырып, ортаға сұрақтарын қойды. Сынып оқушылары сұраққа жауап беріп, әр топты критерий бойынша бағалап отырды.
Өзіндік рефлексия
На основании 0 отзывов
Рейтинг
Еще от автора