×
image

Добавлено

no title

КАТАЛОГ МАРКЕТПЛЕЙСА TEACHERS LAB


Результат: 2351 материал

Результат: 2351 материал

Отобразить:
Отображено: 2337-2351 из 2351 материал
«Интеграция Целей устойчивого развития в образовательный процесс: казахстанский контекст»
Образовательная программа направлена на развитие профессиональных компетенций педагогов в области интеграции Целей устойчивого развития в содержание учебных предметов, воспитательную работу и проектную деятельность.В рамках курса рассматриваются все 17 Целей устойчивого развития ООН с учётом актуальных социальных, экономических и экологических вопросов Казахстана. Участники знакомятся с рекомендациями ООН и ЮНЕСКО в области образования для устойчивого развития, анализируют казахстанские кейсы, работают с данными и разрабатывают задания, направленные на развитие критического мышления, креативности, сотрудничества, цифровой и функциональной грамотности обучающихся. 

БЕСПЛАТНО

Загрузка в формате:

PDF

5–9-сынып оқушыларының оқу сауаттылығы: оқыту қағидаттары және тапсырмаларды әзірлеу
Білім беру бағдарламасы жалпы орта білім беру ұйымдарындағы тілдік пәндер мұғалімдерінің 5–9-сынып оқушыларының оқу сауаттылығын қалыптастыру және дамыту саласындағы кәсіби құзыреттерін жетілдіруге бағытталған.Курс барысында педагогтер оқу сауаттылығының негізгі компоненттерімен, PISA халықаралық зерттеуінің оқу сауаттылығын бағалау тәсілдерімен, Close Reading, проблемалық-бағдарлы оқыту және ойын технологияларымен танысады. Тыңдаушылар оқу сауаттылығын дамытуға арналған тапсырмалар, онлайн-квесттер және оқушыларға арналған 24 сағаттық тренинг бағдарламасын әзірлеуді үйренеді. 

БЕСПЛАТНО

Загрузка в формате:

PDF

Отбасындағы зорлық-зомбылық пен девиантты мінез-құлықтың алдын алу
Бағдарлама педагогтер мен білім беру ұйымдарының мамандарына отбасындағы қолайсыздықты, зорлық-зомбылықтың жасырын және ашық түрлерін, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың девиантты мінез-құлқының алғашқы белгілерін ерте анықтауды үйретуге бағытталған.Курс барысында тыңдаушылар тәуекелдің мінез-құлықтық, эмоционалдық және коммуникативтік сигналдарын тануды, баламен және оның заңды өкілімен қауіпсіз қарым-қатынас орнатуды, қайталама жарақаттанудың алдын алуды, ақпаратты бастапқы тіркеуді және мектепішілік әрі ведомствоаралық әрекет ету алгоритмдерін әзірлеуді меңгереді. 

БЕСПЛАТНО

Загрузка в формате:

PDF

Тұрақты даму мақсаттарын білім беру үдерісіне интеграциялау: қазақстандық контекст
Бағдарлама негізгі орта, жалпы орта және техникалық-кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогтеріне арналған. Курс Тұрақты даму мақсаттарын оқу пәндерінің мазмұнына, жобалық қызметке, сыныптан тыс іс-шараларға және тәрбие жұмысына енгізу бойынша педагогтердің кәсіби құзыреттерін дамытуға бағытталған.Бағдарламада БҰҰ-ның 17 Тұрақты даму мақсаты Қазақстанның әлеуметтік, экономикалық және экологиялық жағдайларымен байланыстырыла қарастырылады. Тыңдаушылар тұрақты даму тақырыптары бойынша интерактивті тапсырмалар, кейстер, жаттығулар және шағын жобалар әзірлеуді үйренеді. 

БЕСПЛАТНО

Загрузка в формате:

PDF

Кәмелетке толмағандар арасындағы жыныстық зорлық-зомбылық пен ерте жүктіліктің алдын алу: білім беру ортасында ерте анықтау және әрекет ету алгоритмдері
Бағдарлама жалпы орта білім беру ұйымдарының педагогтері мен мамандарына кәмелетке толмағандарға қатысты жыныстық зорлық-зомбылық және ерте жүктілік белгілерін ерте анықтауды, баламен қауіпсіз қарым-қатынас орнатуды және білім беру ортасында кәсіби әрекет ету алгоритмін қолдануды үйретуге бағытталған.Курс барысында тыңдаушылар тәуекел факторларын, зорлық-зомбылықтың мінез-құлықтық және эмоционалдық белгілерін тануды, баланың қайталама жарақаттануының алдын алуды, ақпаратты бастапқы тіркеуді және мектепішілік әрі ведомствоаралық өзара іс-қимылды ұйымдастыруды меңгереді.

БЕСПЛАТНО

Загрузка в формате:

PDF

Оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауы және білім беру үдерісінің тиімділігі
Бағдарлама жалпы орта, техникалық және кәсіптік, сондай-ақ орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары педагогтерінің оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауын дамыту саласындағы кәсіби құзыреттерін жетілдіруге бағытталған.Курс барысында педагогтер ақпаратты талдау, түсіндіру, бағалау және дәлелдеу дағдыларын қалыптастыру тәсілдерін, проблемалық және жобалық оқыту әдістерін, кейс-әдісті, цифрлық технологияларды, геймификацияны және жасанды интеллект құралдарын білім беру үдерісінде қолдануды меңгереді.

БЕСПЛАТНО

Загрузка в формате:

PDF

Оқу сауаттылығы негізінде жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту
Бағдарлама жалпы орта білім беру ұйымдарындағы жаратылыстану-математикалық бағыттағы пән мұғалімдерінің кәсіби құзыреттерін дамытуға арналған. Курс оқу сауаттылығы дағдыларын математика, физика, химия, биология, география және информатика пәндерінің мазмұнына кіріктіруге бағытталған.Тыңдаушылар 5–9-сынып оқушыларының ақпаратты іздеу, түсіндіру, біріктіру, бағалау және рефлексия жасау дағдыларын дамытатын пәндік тапсырмалар құрастыруды үйренеді. Сонымен қатар, бағдарламада Close Reading, проблемалық-бағдарлы оқыту, білім беру квесттері, цифрлық платформалар және PISA бағалау құралдары қолданылады. 

БЕСПЛАТНО

Загрузка в формате:

PDF

Қазақстандық білім берудің заманауи жағдайында жасанды интеллектті қолдану
Бағдарлама жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары педагогтерінің жасанды интеллект технологияларын оқу үдерісіне тиімді, қауіпсіз және әдістемелік тұрғыдан негізделген түрде енгізу саласындағы кәсіби құзыреттерін дамытуға бағытталған.Курс барысында педагогтер генеративті жасанды интеллект құралдарын қолдануды, сапалы промпт құрастыруды, сабақ жоспарларын, тапсырмаларды, тесттерді және дидактикалық материалдарды әзірлеуді, оқытуды саралау мен дербестендіруді, сондай-ақ білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалауды меңгереді. 

БЕСПЛАТНО

Загрузка в формате:

PDF

Отображено: 2337-2351 из 2351 материал